02.11.2017
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қазақстандағы азаматтық авиация саласы өткен жылмен салыстырғанда 10 пайыз өсімді көрсеткен. Өсім ұшу географиясының кеңейгенінің әсерінен болып отыр.
«Маңызды фактор – Қазақстан арқылы транзиттік жолаушыларды тарту. Біз соңғы 7 жылда жолаушылар ағынын 25 есеге арттырдық. Жалпы, бұл Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайға Астана мен Алматы арқылы шығу. Біз 37 шетелдік елмен келісім орнаттық. Бүгінде Қазақстаннан 96 халықаралық бағыт жүзеге асырылуда», - деді министр.
ИАТА мәліметі бойынша, әлемдегі жолаушыларды тасымалдау айналымы өткен жылы 6 пайыз өсімді құрады. Жолаушылар тасымалының көлемі осы деңгейді құрап отыр.
Еске сала кетейік, қарашаның 1-нен 3-іне дейінгі аралықта өткен конференция аясында БҰҰ-ның көлік және шекарадан өту СПЕКА жобалық жұмыс тобының 22-сессиясы, көлік және логистика бойынша 21-ші TransKazakhstan/Translogistica 2017 халықаралық көрмесі, қосымша іс-шаралар сериясы ұйымдастырылды.
БҰҰ-ның СПЕКА бойынша Көлік және шекарадан өту жөніндегі жобалау жұмыс тобы БҰҰ СПЕКА-ның тұрақты даму мақсаты жөніндегі (ТДМ) семинары және «Интермодальдық көлік дәлізін дамытудың жаңа драйвер ретіндегі» БҰҰ ЭСКАТО арнайы сессиясынан құралады.
Конференцияға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, сондай-ақ халықаралық, аймақтық және қаржы ұйымдарының, көлік қауымдастықтарының және компанияларының өкілдері ретінде 300-ден астам қазақстандық және шетелдік делегаттар қатысты.
Ақбота Күзекбай