• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан 2020 жылға қарай транзиттен  5 млрд доллар пайда табады 02.11.2017

Ж.Қасымбек айтып өткендей,  ФИАТА (Халықаралық экспедиторлық қауымдастық федерациясы) дүниежүзілік конгресінің қорытындысы бойынша Азия мен Еуропа арасындағы теміржол желісінің саны жылдам өскен.

« 2013 жылы 72 блок-пойыз болса, 2016 жылдың соңында ол 1200-ге жеткен. Бүгінгі күні Қытайдың негізгі жүк ағыны шығатын нүктеден тұрақты 15 бағытқа Қытай-Еуропа-Қытай контейнерлік теміржол желісі ашылғаннан кейін Қазақстан көлік-логистикалық қызмет көрсету жүйесі енгізді», - деді Ж.Қасымбек.

ҚХР-ЕО-ҚХР бағытындағы контейнерлік транзиттік тасымал көлемі 104 мың контейнерге дейін немесе 100 есе өскен.

«2020 жылға қарай аталмыш бағыт бойынша тасымал көлемін 800 мың контейнерге дейін жеткізу жоспарлануда. Ал, басқа бағыттарды қосқанда жалпы 2 млн. контейнерге дейін жеткізу көзделіп отыр», - деді министр.

Еске сала кетейік, қарашаның 1-нен 3-іне дейінгі аралықта өткен конференция аясында БҰҰ-ның көлік және шекарадан өту СПЕКА жобалық жұмыс тобының 22-сессиясы, көлік және логистика бойынша 21-ші TransKazakhstan/Translogistica 2017 халықаралық көрмесі, қосымша іс-шаралар сериясы ұйымдастырылды.

Ақбота Күзекбай 


Back to the list