02.11.2017
Келіссөзге қатысу үшін бригадалық генерал Хамұд Әли Джума Әлшехийдің жетекшілік етуімен Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштерінің әскери делегациясы келді. Келіссөз шеңберінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың бригадалық генерал Хамұд Әли Джума Әлшехиймен кездесуі өтті.
Онда екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында берік стратегиялық серіктестіктің қалыптасуында аталмыш шараның маңыздылығы атап өтілді. Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
Бұл жоспар екіжақты қарым-қатынастың дамуының әрі қарайғы бағытын айқындайды.