19.10.2017
«Бұл кездесу қырғыз тарапының бастамасы бойынша өткені белгілі, оның негізгі қорытындысы - өткізу бекеттерінде жеке тұлғалардың және адамдарды тасымалдайтын автокөлік құралдарының өтуі бойынша тосқауылдарды шешу. Бізге Қытайдан Қырғызстан аумағы арқылы заңсыз импорттың үлкен көлемі келеді, бескүндік мерзімде "Жол картасын" әзірлеу ұсынылды. Проблема айтарлықтай үлкен. Соңғы 10 жыл ішінде Қырғызстан аумағы арқылы 43 млрд долларға заңсыз импорт әкелінген. Осы құбылыспен күресуге мүмкіндік беретін "Жол картасы" әзірленеді деп сенеміз», - деді Р. Ошақбаев.
Сарапшы "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығы осыған қатысты ұсыныс дайындап жатқанын атап өтті.
«Біз талдау жасап, заңсыз схемалар бойынша әкелініп жүрген 22 тауар позициясы негізінен жеңіл өнеркәсіп өніміне жататынын анықтадық және ол заңсыз импорттың барлық көлемінің 70%-ын құрайды. Бұл аяқ киім, киім, тоқыма бұйымдары және тағы басқалары», - деп атап өтті Р. Ошақбаев.

Оның пікірінше, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келісім дұрыс экономикалық прагматизм принциптеріне негізделуі және алынған халықаралық міндеттемелерге сәйкес келуі тиіс.
«ДСҰ аясында арнайы қорғау шараларын енгізуге мүмкіндік бар. 2015 жылы ҰКП интеграцияланған бақылаудың стационарлық пунктін жүргізуді ұсынған болатын. Онда бақылаудың 9 түрін, соның ішінде санитариялық, фитосанитариялық, техникалық стандарттарға сәйкес, салықтық бақылау , көліктік бақылауды жүзеге асыруға болады», - деп қорытындылады Р. Ошақбаев.
Еске сала кетейік, Астанада Қырғызстан Үкіметінің делегациясымен келіссөздер өткен болатын.
Қайрат Жандыбаев