19.10.2017
«Олар жағдайды жақсарту үшін барынша күштерін салуда. Аталмыш жағдайдан тиімді шығу біздің де қызығушылығымызды арттырып отыр», - деді сарапшы.
Оның айтуынша, Қырғызстандағы сайлау, онымен қоса эмоциялық қысым өткен соң, бірінші орынға мемлекеттік қызығушылық шықты.
«Бұл қызбалықпен айтылған дүние болды, мемлекеттік қызығушылық әркез алдыңғы орында болуы керек. Олардың барлығы айқын. Қырғызстанда қозғалыс аяқталды, енді мемлекеттік ведомстволар алдында тұрған мәселелерді шешу керек. Бұл тек Қазақстанға ғана қатысты емес, елдің барлық серіктестеріне қатысты болып отыр», - деді С.Әкімбеков.
Оның айтуынша, Қырғызстан үкіметіне ЕАЭО елдеріне тиімді жұмыс істей алатынын дәлелдеу кезеңі келді.
«Қырғызстанда өте күрделі экономикалық жағдай орын алып отыр. Олардың жағдайлары қазір қиын. Бұл орайда олар электроральді кезеңді аяқтайтын қажетті шешімді табулары керек. Бұл олар үшін өте маңызды, себебі олар аталмыш жағдайдан шығу үшін барлық күш-жігерін салады», - деді сарапшы.