• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыдағы Орталық Азия сауда форумына 18 ел қатысты 19.10.2017

Орталық Азия, Азия және Еуропаның 18 елінен 500-ден астам компания басшылары мен мемлекеттік сектор өкілдері Алматыда ашылған Жетінші Жыл сайынғы Орталық Азия сауда форумына қатысты. Биылғы екі күндік сауда форумының тақырыбы «Өсу перспективалары: сауда, көлік және жеміс-көкөніс секторы". Қатысушылар әлемдік саудадағы бәсекелі позицияларын нығайту және өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында Орталық Азия компанияларының бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін талқылады. 

«Орталық Азия сауда форумы сатып алушыларды, сатушыларды біріктіріп, жас бизнеске өсуге, ал қолданыстағы кәсіпорындарға кеңеюге көмектесетін іскерлік байланыс орнату үшін тұғырнама ұсынады», - деп атап өтті Америка Құрама штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж А. Крол.

Бұл форум практикалық маңызға ие: Орталық Азия елдерінен көкөністер мен жемістер экспортының көлемін арттыру және өңірдегі сауда мен экономикалық өсуге кедергі келтіретін тасымалдау мен логистика бойынша сын-тегеуріндерді жеңу. 

Сауда форумы аясында көрме ұйымдастырылып, онда өндірістік және көлік шығындарын төмендету мақсатында, жеміс-көкөніс секторы, көлік және логистика саласындағы жаңа технологиялар, жабдық пен көрсетілетін қызметтер ұсынылды. 


Back to the list