• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтауда 35 қабатты ғимарат бой көтереді 17.10.2017

Кездесу барысында Шейх Сурур бин Мұхаммед әл-Нахайян облысымызға инвестиция салып, іс бастауға әзір екендігін айтып, Ақтау қаласында жүзеге асырылатын жобаларын көрсетті.

«Алдағы уақытта Ақтау қаласының гүлденуіне біз де өз тарапымыздан үлес қосқымыз келеді. Алдымен теңіз жағасындағы үңгірлерді әдемілеп, ретке келтіруді қолға аламыз. Одан бөлек 35 қабатты тұрғын үй салу, соңғы үлгідегі мейрамхана, сауда орталықтары мен алаңдарды тұрғызуды да жоспарлап отырмыз. Туристерді Маңғыстау облысына тарту үшін барлық жағдайды жасаудың жолын қарастырамыз. Аталған жобалар қолдау тапса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады. Осылайша, алдағы уақытта да екі ел арасында табысты ынтымақтастық қатынас нығая түседі деп үміттенемін»,-деді  Мұхаммед Бахуш.

  Кездесу соңында екі тарап Маңғыстау облысы мен Біріккен Араб Әмірлігінің ұйымдастыруымен экономикалық форум және түйелер жарысын өткізуге уағдаласты.

 


Back to the list