• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО елдері арасындағы өзара сауданың өсуі 27-28% құрайды 17.10.2017

 ЕЭК министрі берілген кезеңде жоғары экономикалық көрсеткіштер Армения мен Қырғызстанда байқалады.

«ЕАЭО барлық елдерінің президенттері ұлттық мемлекеттердің экономикаларының көтерілу қарқыны байқалатынын айтқан болатын. Бізде биыл өзара сауданың 27-28% өсуі басталды, бірқатар елдер бойынша бұл жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ өзара сауда үлесінің өсу қарқыны да сақталуда. Біз, сәйкесінше, Одақта даму мен интеграция үшін қолайлы жағдайлар жасалып отырғанын көріп отырмыз», – деді Татьяна Валовая.

ЕАЭО-ның 2017 жылдағы жетістіктерін атай келе, ЕЭК Алқа мүшесі ЕАЭО елдері экономикаларының өсу қарқынын атап өтті.  

«Біз дұрыс экономикалық өсу үшін өте жақсы макроэкономкалық жағдай жасадық. Биыл дәрілік заттардың бірыңғай нарығы жұмыс істей бастады, барлық қажетті шешімдер қабылданды. Бұдан бөлек, биыл Кеден кодексі де күшіне енеді», - деп хабарлады ЕЭК министрі.

Сочидегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындылары туралы айта келе, ЕАЭО елдерінің президенттері Одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын қабылдағанын атап өту қажет.


Back to the list