13.10.2017
«Алдағы Орталық Азия форумына жылжымайтын мүлік нарығының мамандары мен қатысушылары, Қытай, Сингапур, Ұлыбритания елдерінен келген сарапшылар қатысады. Форумға Алматы, Шымкент, Ашхабад, Тбилиси, Ташкент және Бішкек мэрлері қатысады", - делінген хабарламада.
«CRE Central Asia-2017» жылжымайтын мүлік мәселелері жөніндегі Орталық Азия форумы Астанада 2013 жылдан бері өтіп келеді. Іс-шара коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығын дамытудың өзекті мәселелеріне арналған.