06.10.2017
Мысалы, Қазақстанда тәуелсіздік жылдары жаңа өндірістер пайда болды, жұмыс істеп тұрған зауыттар жаңғыртылды. Бізде халықаралық сапа стандартына сай келетін жаңа өнімдер шығарылып, алыс және жақын шет елдерге сәтті экспортталуда.
Қазақстандық тарап электровоздарды, автобустарды және басқа да коммуналдық техникаларды, сонымен қатар, өңделген агроөнеркәсіп кешен өнімдерін, металлургиялық өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын және басқа да өнімдерді жеткізу ісін ұйымдастыруға мүдделі.
Бұдан бөлек, екі елдің іскерлік ортасының тікелей байланысын қалыптастыру, Грузиядан «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдігін ашу, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының бағдарламасы бойынша ұзақмерзімді саудалық қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады ИДМ.
Екіжақты ынтымақтастықтың тағы бір маңызды саласы транзиттік-көлік әлеуетін күшейту мәселесі.
Жалпы, экспорттық-импорттық бағытта жүк ағыны көлемінің өсімі байқалып отыр. Осыған орай, транзиттік тасымал көлемін арттыру шаралары қолданылуда.
Халықаралық Транскаспийлік көлік бағыты (ХTКБ) аясында 2016-2017 жылдары «Номад Экспресс» пилоттық контейнерлік пойыздарды және Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия-Түркия (Ляньюньган (ҚХР)-Достық-Ақтау-Баку порты (Алят) (Әзірбайжан)-Батуми/Поти (Грузия)-Ыстамбұл (Туркия) ХTКБ бойынша түрлі жүктерді тұрақты жіберу контейнерлік қызметі жолға қойылды.
Контейнерлермен жүк тасымалдау үшін шығындар мен шарттарды оңтайландыруда, сондай-ақ, Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы мен Украина елдерінен ХTКБ бағыттарында көлік қызметтерінің тартымдылығы мен клиентке бағдарлануын арттыру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
Тараптар келесі Үкіметаралық отырысты 2018 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.
Үкіметаралық отырыстың қорытынды хаттамасына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария қол қойды.