06.10.2017
Қазақстандық тарапты ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, грузиялық тарапты Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария басқарды.
Тараптар Үкіметаралық комиссия екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтын және шешетін алаң болғанын атап өтті. Қол жеткізілген келісімдер үкіметаралық құжаттар мен бірлескен іс-шараларда айқын көрініс тауып отыр.
Үкіметаралық кеңес отырысында сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, ақпараттық технология мен инновация, ғылым, туризм, денсаулық сақтау, электронды өнеркәсіп және тағы басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тараптар 2017 жылы өзара сауда өсімінде оң динамика байқалғанын атап өтті. 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналым 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,1%-ға артып, 32,4 млн. АҚШ долларынқұрады.
2017 жылдың 7 айында сауда айналым 39,1%-ға өсіп, 32,4 млн. АҚШ долларын құрады.Экспорт – 19,3 млн. долл., өсім 90 % (10,6 млн.долл.).Импорт – 13,1 млн. долл., 1,5%-ға төмен (13,3 млн.долл.).2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда грузиндіктердің қатысуымен 221 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Олардың 114-і жұмыс істейді.
2005 жыл мен 2017 жылдың 1 қыркүйегі аралығында Грузиядан Қазақстанға келген тікелей инвестиция ағыны 39 млн. АҚШ долларын құрады, ал, кері инвестиция 344,4 млн. АҚШ долларын құрады.