• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н. Назарбаев ядросыз әлем идеясын жақтаушыларды жігерлендіреді - Э.Ньюман 06.10.2017

ҚР СІМ хабарлағандай, конференция алаңында Қазақстанның елшісі және "Нұр Отан" партиясының хатшысы белгілі парламент мүшелерімен және жетекші консервативтік саясаткерлермен кездесті. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Біріккен Корольдік арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ байланыстарды күшейту перспективалары және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. 

Қазақстандық және британдық өңірлер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында тараптар екі елдің технологиялық хабтары арасындағы бизнес-ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды. 

Өзін ядросыз аймақ деп жариялаған алғашқы британ қаласының басшысы Э. Ньюман ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік және қарусыздандыру саласындағы белсенді ұстанымын жоғары бағалап, Елбасы  әлемнің әр түкпіріндегі ядросыз әлем идеясын жақтаушыларды жігерлендіретінін атап өтті. 

Бұдан бөлек, қазақстандық дипломатиялық миссия басшысы Манчестер университетінде болып, оқу орнының проректорымен кездесті.

Қазақстанның Елшісі британ аралдары мен Ұлы Дала арасындағы терең тарихи байланыстарды атап өтіп, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниет білдірді. 


Back to the list