• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 27 пайызға өскен 06.10.2017

Ведомствоның хабарламасына сәйкес, ЕО-ға мүше барлық мемлекеттердің Келісімді ратификациялауы және оның толық күшіне енуі өзара іс-қимылды кеңейтіп, нығайтуға мүмкіндік береді. Осы ретте Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып қалады. 

Брюссельде өткен Берлин Еуразиялық Клубының 21-ші отырысында екі тараптың кәсіпкерлері үшін қандай пайда болатыны туралы айтылды. 

"Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім" деп аталған іс-шараға еуропалық және қазақстандық дипломаттар, сарапшылар, іскерлік топ және БАҚ өкілдері қатысты.  

Іс-шарада екіжақты тауар айналымының оң динамикасына және ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығына баса назар аударылды. Сондай-ақ визалық режимді оңайлату мәселелеріне де тоқталды. 

Отырысқа қатысушылардың пікірі бойынша, ҚР-ның бірқатар саяси бастамалары аясында саясаткерлер, сарапшылар, іскерлік топтар арасында толық пікірталас өткізу заманауи және маңызды болып табылады. 

Берлин Еуразиялық Клубының отырысы "экономикалық дипломатияны" ілгерілету аясында ұйымдастырылды. 


Back to the list