• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада АӨСШК-нің 25 жылдығына арналған көрме ашылды 06.10.2017

ҚР СІМ ақпараты бойынша, Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында өткен көрменің ашылу рәсіміне Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Гун Цзяньвэй, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева, Қазақстан Президенті Мұрағатының өкілдері, отандық дипломатиялық қызметтің ардагерлері, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары қатысты. Оқырмандардың назарына ұсынылған көрме АӨСШК-нің қалыптасуы мен даму кезеңдерін бейнелейтін мұрағат құжаттары мен фотосуреттерді, сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік пен Елбасының сыртқы саяси бастамалары тақырыбына арналған кітапхана жинақтарын қамтиды.

Қ. Әбдірахманов өз сөзінде атап өткендей, «ширек ғасырдан кейін АӨСШК-ні шақыру бойынша Қазақстан Президентінің бастамасы өзін толықтай ақтағаны мәлім және бүгін Кеңес Азия құрлығында қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін ең ірі ғана әрі жан-жақты тұғырнама болып табылады».

Министрдің айтуынша, ұйымдастырылған көрме АӨСШК қызметіне Ұлттық академиялық кітапханасына келушілердің, әсіресе жас ұрпақтың, назарын тартып, АӨСШК-нің қалыптасу тарихы мен оның одан әрі дамуы келешегін көрнекі түрде таныстыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, кеңесті шақыру идеясын Қазақстан Президенті Н. Назарбаев тұңғыш рет 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында жария етті. Бұл бастаманың қозғаушы күші Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиімді және қолайлы құрылымды құру ниеті болды. Оны дәл осындай құрылым дер кезде туғанына көзі жеткен Азияның бірқатар мемлекеті қолдады.

Бүгін 26 мемлекет Кеңес мүшелері болып табылады. 9 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым бақылаушылар ретінде қатысады.


Back to the list