04.10.2017
Әңгіме барысында қазақстандық дипломат А. Ас-Сисиге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жақсы тілектерін жеткізді.
А. Исағалиев Қазақстан мен Мысыр арасындағы, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, құқықтық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін, сондай-ақ Мысыр Президентінің 2016 жылғы ақпанда Астанаға ресми сапарының маңыздылығын атап өтті.
Мысыр Президенті елдің Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты жандандыруға ниетті екенін растады. А. Ас-Сиси Қазақстанның халықаралық беделін және өзекті әлемдік проблемаларды шешудегі өсіп келе жатқан рөлін жоғары бағалады.