04.10.2017
А. Сапарбекұлы Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторының тұтыну тауарларының көрші мемлекеттерге экспортының жыл сайын өсуі тұрғысында еліміздің ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту перспективасы артып келе жатқанын атап өтті. Ол Қазақстан аумағында жиналған стық көлемі туралы айта келіп, дәнді дақылдарды Түркияға экспорттау мүмкіндігіне назар аударды. Сондай-ақ қазақстандық дипломат Қазақстандағы ет өндірісінің әлеуеті туралы да ақпараттандырды.
Н. Зейбекчи Қазақстан мен Түркия басшылары арасындағы екіжақты келісушіліктердің маңыздылығын атап өте келе, екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша кең мүмкіндіктердің бар екенін айтып өтті.
Ол Қазақстанның ет өнімінің жоғары сапасы туралы айтып, Түркияның қазақстандық ет өнімін импорттауға дайын екенін білдірді.
«Түркия Қазақстандағы ет өнімінің сапасын жоғары бағалайды. Әкелінетін қазақстандық ет өнімі елімізде жоғары сұранысқа ие болатынына сенімдімін », - деді министр.
Әңгімелесушілер Қазақстанның ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы саласына түрік инвестицияларын тарту мәселелерін зерттеу, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімін Түркияға экспорттау туралы келісті.
Айта кету керек, кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту аясында тығыз өзара іс-қимыл жасау туралы келісті.