• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Румынияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды 02.10.2017

Құрметті консулдықтың ашылу рәсіміне Констанца уезі басшылығының, мемлекеттік билік органдарының, іскерлік топтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның Румынияда тұрып жатқан азаматтары қатысты. 

Қазақстанның елшісі Дәулет Батрашев өз сөзінде биылғы жылы екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толып отырғанын айта келе, екі елдің өзара пайдалы ынтымақтастығының оң динамикасын және оның одан әрі кеңеюіне қызығушылықты атап өтті.

Қазақстанның Құрметті консулы Эргин Хаджикалил өз тарапынан көрсетілген сенім үшін ризашылық білдіріп, екі елдің өңіраралық сауда-экономикалық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға белсенді қатысу, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту ниетін білдірді. Атап айтқанда, алғашқы бастамалардың бірі биылғы жылдың қараша айының басында Констанцада қазақ фильмдерінің фестивалін ұйымдастыру және өткізу болып табылады.  

Іс-шара аясында Қазақстанның елшісі Э. Хаджикалилге Қазақстан Республикасы атынан тиісті өкілеттіктерді жүзеге асыруға патент, сондай-ақ Құрметті консулдық қызметінде пайдалануға арналған мемлекеттік атрибутиканы табыстады.


Back to the list