02.10.2017
«Әр мемлекетте Кореяның мәдениетін насихаттайтын кореялық орталық жұмыс істейді. Сондықтан да біз мәдени ортатылық арқылы осы көрмені ұйымдастырдық. Біз 1970 жылдан бастап күні бүгінге дейін Кореяның өмірі қаншалықты дамығанын көрсеткіміз келді», - деді фотограф.
Сонымен қатар журналистер Ли Гапчоль Астанадағы көрмеге қанша жұмысын алып келгеніне қызығушылық танытты.
«Барлығы көрмеге 23 жұмысым қойылды. Менің негізгі мақсатым куәгер ретінде көне заманнан бастап қандай жағдайларды басымыздан өткергенімізді көрсету. Әрине, жастарға біздің ата-бабаларымыздың басынан өткрегенін түсіну өте қиын. Мен осы нәрсені Кореяның заманауи адамдарына жеткізіге тырысудамын», - деп түйіндеді Ли Гапчоль.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Корея бейнелері» деректі фотокөрме ашылды. Мұнда жеті фотографтың 123 жұмысы қойылған.
Ақбота Күзекбай
Видео Азамат Әлиев