26.09.2017
Тараптар жыл басынан бері ҚР мен ҚХР арасындағы шекаралық өткелдер арқылы атқарылған жұмыс қорытындысын шығарып, контейнерлік пойыздарды шекаралық Қорғас-Алынкөл өткеліне бағыттап, транзиттік және экспорттық контейнерлік тасымалдауға бірыңғай тарифтік мөлшерлеме белгілеу мәселесін талқылады.
Биылғы сегіз айда Достық –Алашаңқай мен Алтынкөл-Қорғас шекаралық теміржол өткелдері арқылы 6701 мың тонна жүк өткізілсе, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда,1 520 мың тоннаға, яғни 29% артық көрсеткіш. Жыл аяғына дейін 10 миллион тоннадан астам жүк тасымалдау жоспарланып отыр. Ал 2018 жылы 12,3 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр.
«Биылғы жылы контейнерлік жүктерді Алтынкөл-Қорғас бағдарына қарай бағыттау қарқын алып келеді»,- дей келіп Қ. Алпысбаев аталмыш бағдардағы жұмысты одан әрі белсенді жүргізуді ұсынды.
Өзара келіссөз барысында Достық-Алашаңқай арқылы қазақстандық темір жентектері мен көмірді Қытай аумағымен тасымалдауға тарифтік жеңілдіктер жасауды және Ляньюньган-Түркия бағдарына, Кавказ елдеріне Қорғас- Алтынкөл шекаралық өткелімен контейнерлік тасымалдауға қолайлы жағдайлар жасау жайы қарастырылды.
Қазақстандық тарап Ляньюньган-Түркия бағдарына контейнерлік пойызды Қазақстан аумағы арқылы жаңа Карс-Ахалкалаки теміржол желісімен ұйымдастыру көзделеді.