• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Жастарға инвестиция» конференциясы Астанада өтеді 19.09.2017

ҚР ЕХӘҚМ хабарлауынша, қос тараптың кездесуі барысында Азия елдерінің әлеуметтік саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселесі қаралып, Қазақстан мен Азия елдері арасындағы күнтәртібінде тұрған әлеуметтік басымдықтар жайы таразыланды.

«Шетелдік әріптестермен кездесулердің тиімділігі сол, әлеуметтік түйткілдер мен оларды шешу жолдарын іздестіріп, бірлесе қимылдаудағы жаңа мүмкіндіктер көкжиегі пайда болады. Бүгін Ссздермен де нақты келісімдер жасау ықтималдылығын талқылауға әзірміз», - деді өз сөзінде Тамара Дүйсенова.

  Өз кезегінде, Кейдзо Такеми  «Жастарға инвестиция» конференциясын Қазақстанда өткізгісі келетінін жеткізді.

«Қазақстан – өркендеп, өсіп келе жатқан  жас мемлекет. Мені елдегі бала туу көрсеткіші таң қалдырды. Осыны ескере келе, біз елордада «Жастарға инвестиция» атты конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Аталған шараға қолдау көрсетіп, белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Себебі, жастар - біздің болашағымыз және ертеңгі еңбек нарығын еселей түсетін алтын қор», - деді Такеми мырза.

Атап өтер болсақ, Халықты қоныстандыру мен дамыту мәселесіне арналған парламентшілердің азиялық форумы БҰҰ бастамасымен 1981 жылы құрылған. Форум хатшылығы Бангкокта (Таиланд) орналасқан. Бүгінде  Қазақстанда, Австралияда, Ауғанстанда, Бангладеш пен Бутанеде, Вьетнам және тағы басқа Азия елдерінде қоныстандыру мен дамыту мәселелері бойынша іс жүргізетін өкілдіктері бар 29 ұлттық комитет жұмыс істейді.

Аталған ұйымның басты мақсаты – Азия елдерінің әлеуетін арттырып, халықты қоныстандыру, ұрпақ жаңғырту, Азия-Тынық мұхит аймағында отбасы мәселелеріне ұлттық парламент депутаттарын назарын аударту. Осы мақсатта, форум өкілдері аталған аймақтарда зерттеулер жүргізіп, нәтижелеріне сәйкес мәселенің шешу жолдарын көрсетеді. Сондай-ақ, халықты қоныстандыру мен оны дамыту мәселелері бойынша түрлі аймақтық және ұлттық семинарлар, конференциялар ұйымдастырады.

Қос тарап ынтымақтастық аясында бірлесе Астана қаласында бірінші «Жастарға инвестиция» конференциясын өткізуге уағдаласты.


Back to the list