13.09.2017
Қазақстанға жасаған сапары кезінде елордамыз - Астанада «Оңтүстік» индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы мен түркиялық бизнесмендер арасында құны 12 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық екі құжатқа қол қойылды.
Қазақ-түрік индустриялық аймағында осы жылы іске асырылатын жобаның бірі - қорғасын концентратын өндіретін түркиялық Merkez Asia Madencilik компаниясының зауыты (құны 2 млн АҚШ доллары) болса, екіншісі - құны 10 млн АҚШ доллары болатын Petronet Otomosyon компаниясының жанар-жағармай тарату колонкаларын шығаратын зауыты.
Бүгінде аумағы 50 гектарды алып жатқан «Қазақ-түрік» индустриялық аймағында жалпы құны 37,5 млн АҚШ долларын құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар іске қосылғанда жаңа 900 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, жыл соңына дейін аталған индустиялық аймақта «Gold Aluminum» ЖШС-нің ПВХ профильдері мен ПВХ және алюминийден жасалған ашық құрылымдарды өндіретін шағын цехы іске қосылады.
Еске салсақ, 9 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Түркияның бизнес құрылымдарының өкілдерімен кездесуі өткен болатын.