• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан және Қытай көлік саласындағы өзара іс-қимылды жетілдіруде 12.09.2017

Форум мен көрме аясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек XinXin, CNCEC, China General Technology, TBEА, China Railway Engineering Group, Beijing Silver Tiger, Sany Group, Qinghai Desheng Soda сияқты бірқатар қытайлық ірі компания басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту саласы бойынша іске асырылып жатқан жобалардың барысы, технологиялар, теміржол көлігі, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Форум жұмысы кезінде көлік және логистика саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөнінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров сөз сөйледі.

«2016 жылы теміржол көлігімен экспорттық-импорттық тасымал 5,1 млн. тоннаны құрап, 23%-ға артты. Автомобиль көлігімен 550 мың тонна жүк тасымалданды. Биылғы алғашқы жартыжылдықта да оң үрдіс байқалып отыр. Экспорттық-импорттық тасымал теміржол көлігімен 13%-ға, автомобиль көлігімен 46%-ға артты. Заманауи көлік-логистикалық жүйені қалыптастыруда өңірлік ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Сол үшін біз көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударамыз»,-деп атап өтті Ерлан Хаиров.

Соңғы 5 жылда Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік транзиттік тасымал 28 есеге артып, жылына 100 мың контейнерге көтерілді (2017 жылдың бірінші жартыжылдығында – 73 мың контейнер, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында  - 36 мың контейнер).

Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамыту 2020 жылға қарай контейнерлік тасымалды 2 млн контейнерге дейін арттыруға мүмкіндік береді.


Back to the list