12.09.2017
Қазақстандық ведомствода хабарлағандай, Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында тараптардың отырысы өтіп, әлемдік мұнай нарығындағы қалыптасқан жағдай талқыланды. Кездесу барысында тараптар мұнай нарығындағы теңгерімді сақтап қалу үшін басқа елдермен қатар Қазақстан мен Сауд Арабиясының қабылдаған шараларының маңыздылығын атап өтті.
Атап айтқанда, Қ. Бозымбаев биыл Қашаған кен орнының біртіндеп жандануына қарамастан, Қазақстан тамыз айында мұнай өндірудің басқа секторларындағы өндірістің қысқаруы есебінен бұрын айтылған өндіріс деңгейіне анағұрлым толық сәйкестікке қол жеткізді.
Әл-Фалих Қазақстанның мұнай өндіру деңгейін қысқарту туралы келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауға қатысты рөлін жоғары бағалап, осы бағыттағы белсенді әрекеттерді одан әрі жалғастыруға шақырды.
Сондай-ақ тараптар мұнай өндіру деңгейін қысқарту туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту мәселесі қажеттілігіне қарай нарық конъюнктурасына сәйкес қаралатынын да атап өтті.
Қ. Бозымбаев пен Әл-Фалих мырза Қазақстан аумағындағы мұнай химиясы мен жаңартылатын энергия көздері саласындағы екі ірі жобаны қоса алғанда, энергетикалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты алдағы уақытта кеңейту туралы келісті.