• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан және Франция ғарыш саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады 11.09.2017

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі хабарлағандай, осы іс-шара барысында ғарыш саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту және тереңдету перспективалары талқыланды. 

Франциялық әріптестермен бірлесіп, «КazEOSat-1» және «КazEOSat-2» екі спутнигінен тұратын Жерді қашықтықтан зондтаудың қазақстандық ғарыш жүйесі әзірленіп, оның сәтті жұмыс істеп жатқанын айта кету керек. 

Бүгінде Қазақстанда ғарыш қызметі, қорғаныс өнеркәсібі және киберқауіпсіздік саласындағы бірқатар перспективалы жобалар бар, оларды шетелдік әріптестермен, соның ішінде Франциядағы әріптестермен бірлесіп іске асыруға болады. 

Жан-Батист Лемуан Қазақстан мен Франция арасында жылы әрі достық қарым-қатынас орнағанын және осы кездесудің жемісті әрі тиімді болғанын атап өтті.

Кездесу соңында Б. Атамқұлов оның маңыздылығын атап өтіп, ғарыш және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі де табысты және нәтижелі болатынына сенім білдірді, сондай-ақ франциялық компанияларды 2018 жылғы мамырда Астана қаласында өтетін «KADEX-2018» V халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды. 


Back to the list