10.09.2017
Қазақстан Президенті Гвинея-Бисау Республикасының Президентіне Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
"Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында ғылым мен технологияларға арналып Астанада алғаш рет өткізіліп жатқан осы ауқымды іс-шараға келгеніңізге қуаныштымыз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Гвинея-Бисау Республикасының Президенті Мемлекет басшысына саммитке қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.
"Африкадағы ислам мемлекеттері Қазақстанға осындай іс-шаралар өткізу кезінде қолдау көрсетуге әзір. Оның негізгі мақсатының бірі – ислам әлемі елдері арасындағы өзекті мәселелер бойынша ортақ ұстаным қалыптастыру", – деді Жозе Мариу Ваз.