10.09.2017
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің Қазақстанға алғаш рет сапармен келіп отырғанын атап өтті.
"Сіздің Қазақстан жеріне келгеніңізге қуаныштымын. Бүгінгі саммитке қатысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Еліңізде болып жатқан оқиғалар жөнінде білеміз. Сіз барлық сынақ кезінде де төзімділік танытып келесіз. Бұл – құрметке лайық қасиет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Николас Мадуро Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ Венесуэла Президенті бұл кездесу екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға негіз болатынына сенім білдірді.