07.09.2017
Ведомствода хабарлағандай, кездесу аясында БАӘ елшісі Мохамад Альджабер БАӘ Елшілігі жанындағы жаңа әскери атташе бригада генералы Рашед Али Сейф Альмахразимен таныстырды.
ҚР қорғаныс министрі Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшілігі жанындағы әскери атташе аппаратының ашылуымен құттықтап, бұл қорғаныс саласындағы практикалық өзара қарым-қатынастардың дамуына едәуір ықпал ететініне сенім білдірді.
Сондай-ақ тараптар екі мемлекет арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.