• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бангкокта «Жасыл көпір» астаналық бастамасы  таныстырылды 07.09.2017

Аталған саммиттің шеңберінде «Жасыл көпір астаналық бастамасы – тұрақты даму үшін өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа перспективалары» тақырыбында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйым Даму бағдарламасының, «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ-ның қолдауымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сайд-ивент ұйымдастырды.

Сайд-ивентте «Арнасай» білімді тарату орталығының тәжірибесін, «Жасыл технологияларды» дамыту жөніндегі Халықаралық орталығын құруды қоса алғанда, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын жүзеге асырудың жетістіктері мен перспективасы мәселелері талқыланды.

ЭСКАТО мен әріптес елдер «Жасыл көпір» астаналық бастамасының дамуына және Орталықты құру мәселелеріне ерекше мән береді.

Қатар өткен іс-шараның төрағасы ретінде ҚР энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков сөз сөйледі, модератор ретінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЭСКАТО атқарушы директоры Шамшад Ахтар сөз сөйледі.

Іс-шараның спикерлері: Самоа Қоршаған ортаны қорғау министрі Таефу Леми, Таиланд Корольдігіндегі Бангладеш және Финляндияның төтенше және өкілетті елшілері және Моңғолия мен Корея министрліктерінің өкілдері.

Астананың «Жасыл көпір» өңірлік бастамасы 2010 жылы Қоршаған ортаны қорғау және Азия – Тынық мұхит аймағын дамыту бойынша VI министрлер конференциясында қолдау тапты. Кейіннен Қазақстан Республикасының Президенті Жасыл көпір серіктестік бағдарламасы бойынша бастаманы ұсынды. Ол кеңінен халықаралық қолдау тапты және Рио+20 тұрақты даму бойынша БҰҰ Конференциясының қорытынды құжатына кірді.


 


Back to the list