06.09.2017
«Аталмыш форум «ЭКСПО-2017» көрмесінің 3 айлық «Болашақтың энергиясы» тақырыбына арналып отыр. Бұл біз жиналып кете салады дегенді білдірмейді, бұл Қазақстан мен Малайзия арасындағы қарым-қатынасты нығайтудің басы. Екі елдің құзыретті лауазымдары арасында баламалы энергетика саласындағы ынтымақтастықты арттыру шешімі қабылданды», - деді Д.Джи.
Айта кетейік, үш ай бойы малайзиялық павильонында баламалы энергетика бойынша келісімдерге қол қойылды.
«Қазіргі таңда екі ел арасындағы сауда қажетті деңгейде тұр, алайда атқаратын істер әлі де көп, біз меморандумдарды жүзеге асыру бойынша кездесіп, оларды жүзеге асыруымыз керек. Бұл – суды тиімді қолдану, ластанған суды қайта өңдеу бойынша жобалар. Болашақта оларды жүзеге асыруға болады. Біз межеленген көрсеткішке жылдам жетеміз деп ойлаймын», - деді ол.
Соған қоса, Д.Джи айтып өткендей, екі тарап та жасыл технология, мұнай және газ саласындағы бастамаларға белсенді қатысады.
Айта кетейік, бүгін Малайзия-Қазақстан бизнес форумы өтті. Шара энергетика мен болашақ энергиясын дамыту саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталып отыр. «Kazenergy» энергетикалық кешені мен мұнай-газ ұйымы қауымдастығының директоры Рүстем Қабжанов мұнай-газ саласына жаңа әдістер мен барлаудағы технологияларды тарту керектігін айтты.
Жалпы, Қазақстанда тұрақты түрде 8 малайзиялық компания мұнай-газ, геологиялық барлау, құрылыс материалдарын өндіру мен агросалада жұмыс істейді.
Ақбота Күзекбай