• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
20 жыл ішінде  CNPC  инвестиция көлемі 13 млрд теңгені құрады – Б.Сапарбаев 06.09.2017

Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин мен CNPC корпорациясының вице-президенті Ван Дун Цзинь қатысты.

1997 жылы екі ел арасындағы келісім аясында Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының  (CNPC) алғашқы инвестициялық жобасына айналған «Ақтөбемұнайгаз» АҚ құрылды. Осылайша, Қазақстан мен Қытайдың мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтығыныңтарихы басталды.

Облыс әкімі өткен 20 жылдың ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өңірдің экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін көп нәрсе жасағанын атап өтті. Бұған елімізге келген инвестициялар, жаңа техника мен технологиялар, салынған зауыттар дәлел. Сонымен, ынтымақтастық еткен жылдардың ішінде компания 100 млн тонна мұнай мен 51 млрд текше метр газ өндіріп, инвестиция 13 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Ақтөбеде құны 1,5 млрд. теңге болатын жастар сарайының құрылысын аяқтамақ. Облыс аудандарында жүзеге асырылған әлеуметтік нысандар аз емес.

Жиынның қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР-ның мұнай-газ саласындағы 20 жылдық ынтымақтастығына арналған  символикалық ескерткіштің ашылуы болды. 

 


Back to the list