• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Соңғы 10 жыл ішінде Польша Қазақстанға 200 млн долларға жуық инвестициялаған 06.09.2017

«Қазақстан Польшамен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән береді. Өзара статистика туралы айтатын болсақ, соңғы 10 жыл ішінде Польшадан Қазақстанға инвестициялар 200 млн долларды құраған. Бізде үкіметаралық комиссия белсенді жұмыс атқарады. Астаналарымызды біріктіретін тікелей әуе рейстері бар. Польша азаматтары үшін визасыз режим енгізілді. 115-ке жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бірлескен жұмыстың нақты нәтижелері көрінуде», - деді Е. Хайыров.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастықтың үш бағыты туралы да айтып берді.

«Жалпы бізде ынтымақтастықты белсенді дамытуға болатын үш негізгі бағыт бар. Бірінші кезекте, бұл өзара сауда, мұның әлеуеті зор. Екіншісі – инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, бірлескен кәсіпорындар ашу. Үшіншісі – көлік-логистикалық ынтымақтастығын дамыту», - деп түсіндірді Е. Хайыров.

Сөз соңында вице-министр Қазақстанның ТШИ бойынша жалпы статистикасын келтірді.

«2005-2017 жылдар кезеңінде Қазақстан 248 млрд теңгеге жуық тікелей шетелдік инвестиция тартқан. Оның едәуір бөлігі бірінші кезекте өндіруші секторға бағытталса, мемлекет, үкімет президенттің тапсырмасы бойынша өңдеуші секторға бағыттайды. Осы бағытты дамытуда Польшаның рөлі маңызды болар еді деп ойлаймын. Соңғы 5 жыл ішінде біз белсенді жұмыс атқарып, инвестициялық климатты жақсартып келеміз. Осының нәтижесі ретінде Қазақстан биыл ЭЫДҰ инвестициялар комитетінің мүшесі ретінде қабылданды», - деп ақпараттандырды спикер.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list