06.09.2017
Форум жұмысы тақырыптық сессиялардан тұрады: бірлескен экономикалық кәсіпорындарды қаржыландыру, энергетика мен тау-кен өнеркәсібі, өңірлік ынтымақтастық пен инфрақұрылымды дамыту. Сондай-ақ, Қазақстан мен Польша арасындағы компаниялардың ынтымақтастығы туралы бірқатар құжаттарға қол қойылады. Тараптар қаралымында 15 құжат бар, оның ішінде өңіраралық ынтымақтастық саласында қол қойылуы керек құжаттар.
Форум ұйымдастырушылары Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҰКП, Ұлттық палатаның еншілес ұйымы Қазақстанның сыртқы сауда палатасы.
Айта кетейік, Польша Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі. Қазақстан-Польша тауар айналымы Польшаның Орталық Азия елдерімен саудасының 80 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда екі ел арасында 24 халықаралық құжат орнатылды.
Қайрат Жандыбаев