• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан және Гондурас СІМ басшылары ынтымақтастықты реттеу туралы келісті 04.09.2017

Қазақстанның СІМ ақпараты бойынша, бұл Мария Долорес Агуэроның Астанаға алғашқы сапары. 

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Гондурас СІМ желісі бойынша саяси диалогты реттеуге қызығушылық білдірді. Сондай-ақ сауда және туризм саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың анағұрлым перспективалы бағыттарын анықтау қажеттігі атап өтілді. 

Тараптар өңірлік қауіпсіздік пен халықаралық қарым-қатынастардың өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасты. Екі мемлекеттің халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша позицияларының ұқсастығы атап өтіліп, БҰҰ аясында жемісті өзара іс-қимыл жасауды жалғастыру қажеттігі туралы айтылды. 

Делегацияны бастаған Гондурастың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде осы Орталық Америка елінің Ұлттық күнін атап өтуге қатысты. Гондурас бұл күнді өздерінің өнер шеберлерінің әсерлі қойылымымен атап өтті.

«Клмтаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық шаралар 1992 жылы Риода Жер Саммитінен бастап ұзақ жолдан өтті. Бүгін осы күнді мерекелеу кезінде біз өзіміз және балаларымыз үшін үздік болашақты қамтамасыз ету үшін бірігіп қалай әрекет ете алатынымызды түсінеміз», - деді Мария Долорес Агуэро ЭКСПО алаңында.

Айта кету керек, Гондурас — күн энергетикасы үлесі бойынша әлемдік көшбасшы. Статистикалық деректерге сәйкес, 2016 жылы елімізде электр энергиясының 10,2%-ын фотоэлектрлік күн электр станциялары шығарады. Бұл әлемдік өлшемдер бойынша рекордтық нәтиже. 


Back to the list