02.09.2017
Гарант елдердің мәліметі бойынша, алдағы кездесуде деэскалация қызметін реттейтін құжаттар мен Идлибтегі күш құрамын реттеу мәселелері талқыланады.
Қатысушылар Идлиб, Хомс және Шығыс Гуте ауылындағы деэскалация аймағын нақтылауға мүдделі.
Тараптар Сириядағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне енген тарихи ескерткіштерді гуманитарлық минасыздандыру туралы өтінімді қабылдауды қарастырады. Жоғары деңгейдегі кездесу алдында қатысушы елдер 13 қыркүйек күні бірлескен жұмыс тобының отырысын өткізуді жоспарлауда.