31.08.2017
Дүниежүзілік Конгресс аясында бірнеше панельдік сессиялар, стендтік баяндамалар, тұсаукесерлер, көрмелер мен жобалық басқару саласындағы мәртебелі халықаралық сыйлығының финалистерін марапаттау рәсімі өтеді. Конгресс бағдарламасында Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Австралия, Украина, Италия, Швейцария және Қазақстан елдерінің көшбасшы ғалымдарының негізгі баяндамалары ұсынылады. Талқылаудың негізгі тақырыптары білім, ғылым және экономиканың негізгі салаларын, озық технологиялармен мемлекеттік басқару салаларын дамытудағы алдынғы қатарлы құзыреттері болмақ.
«Қазақстан үшін алдағы жұмыс барысы, жобаларды басқару саласындағы әлемдік тәжірибені зерттеу және оны одан әрі жүйелендіру процессін енгізу мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент және елдегі жобалық менеджментті әдістемелік ілгерілендіруге ерекше мүмкіндік береді», - деді 30-шы Дүниежүзілік ІРМА Конгресі Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мақсат Мамашев.
30-Дүниежүзілік ІРМА Конгресі ҚР Үкіметінің «Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі» бағдарламасына енгені белгілі.
Конгрестің ұйымдастырушылары Халықаралық ІРМА жобаларын басқару Ассоциациясы, Қазақстанның жобаларды басқару Қауымдастығы, «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» ҚФ және Назарбаев Университеті. Жобалық басқару саласындағы ең ірі шара 2017 жылғы 5-7 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде өтеді. Оған 70 елден келген 500 өкіл қатысады.
Бұдан бөлек Конгресс шеңберінде 2-4 қыркүйекте жас жобалық менеджерлер үшін IPMA Дүниежүзілік жастар семинарлары өтеді. Үшкүндік шара жобалық басқару саласындағы көшбасшы жатықтырушыларды және барлық салалардың кәсіби мамандарын тарту, білім және тәжірибе алмасу, жобалық басқару дағдыларын беруге бағытталған.
1967 жылдан Венада 1-ші Дүниежүзілік Конгресстің өткізілуінен бастап, IPMA жобалық басқарудағы тұрақты дамып келе жатқан ұйым, жобалық басқарудың жеке кәсіби тәртібі ретінде қалыптасуына қолдау көрсететін көшбасшы қауымдастық.
Мерейтойлы Дүниежүзілік Конгрессті Қазақстанда өткізу құқығы, 2015 жылғы қыркүйекте Панамада өткен 29-шы Дүниежүзілік Конгрессте берілді.