• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан  халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге қабілетті – Д. Вассилиадис 31.08.2017

Ведомство хабарлағандай,  спорт арқылы әлемде бейбітшілікті дәріптейтін және жемісті үн қатысуға жол ашатын Заманауи Олимпиялық Бітімі Декларациясы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков грекиялық әріптесіне еліміздегі спорттың дамуы, министрлік қызметінің басты бағыттары мен Қазақстанның Олимпиадалық ойындардағы жетістіктері және спорттық байланыстар саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегі жайлы айтып берді.

Сәкен Мұсайбеков Джордж Вассилиадисті футбол мен баскетбол, спорттық медициналық қалыпқа келу саласында тәжірибе алмасуға шақырды.

Өз кезегінде Джордж Вассилиадис Грекияның спорт жүйесі құрылымы, Қазақстанмен әріптестік және екіжақты қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі турасында баяндап берді. Сонымен қатар, ол қазақстандық спортшылардың жоғары деңгейдегі біліктілігін атап өтіп, Алматыда Қысқы Универсиаданың сәтті өткенін айтып, жалпы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге қабілетті екенін сөзіне тиек етті.

Джордж Вассилиадис өз әріптесін биылғы  қарашада 35-ші халықаралық марафонға, грекиялық әріптестермен «follow-up» режимінде кездесулер өткізуге шақырды. Кездесу барысында жасалған уағдаластықтарға сәйкес, тараптар тәжірибе алмасу мақсатымен кездесулер мен консультациялар өткізіп тұруға, ақпараттармен алмасуға, және де спортшылар мен менеджерлердің біліктіліктерін арттыру саласында әрдайым ынтымақтастықта болуға келісті.

Заманауи Олимпиялық Бітімі Декларациясының қабылдануы Қазақстандағы олимпиялық қозғалыс пен спорттың одан әрі дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.

 


Back to the list