• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жапонияның СІМ басшысы  Қазақстанның халықаралық қызметіне жоғары баға берді 24.08.2017

Әңгіме барысында сұхбаттасушылар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қарашада Жапонияға жасаған және Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің 2015 жылғы қазанда Қазақстанға жасаған сапарлары нәтижесі бойынша қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық-технологиялық салаларындағы әлеуетін ашуға ерекше назар аударылды.

Биылғы жылы аталып отырған дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жылдығының маңыздылғын атай отырып, сұхбаттасушылар «кеңейтілген стратегиялық әріптестік» рухында екіжақты қатынастардың барлық спекторлары бойынша, оның ішінде Қазақстан мен Жапонияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясында және «Орталық Азия+Жапония» Диалогы алаңында ғаламдық күн тәртібінің өзекті міндеттерін шешуде ынтымақтастықты дамытуға дайындығын растады.

Кездесу барысында жапондық делегация басшысы Қазақстанның және жеке Президент Н.Назарбаевтың аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату ісіндегі халықаралық қызметіне жоғары баға берді, сондай-ақ жапон тарапының 2025 жылы «ЭКСПО» Халықаралық көрмесін өткізуге Осака қаласының ресми өтініміне қолдау көрсету бойынша өтінішін жеткізді.

 

 


Back to the list