• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда құрастырылған құрамдар Қытайдан Еуропаға бағыт алуда 23.08.2017

Достық станциясында Чэндудан келген 123 контейнері бар үш құрамның екеуі құрастырылған. 

Контейнерлік поездар Достық (Қазақстан) - Илецк (Ресей) – Красное (Беларусь) – Брест – Малашевиче (Польша) бағдары бойынша жүруде. Беларусь - Польша шекарасында олар стандарт бойынша жаңадан құрастырылады.

«Біз бір локомотив күшінің  қызметін қысқартуға мүмкіндік беретін "3-2" қағидаты бойынша контейнерлік поездарды құрастыру бойынша пилоттық жобаны іске қостық. Бұл транзиттік жүк ағымын ҚХР-дан Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға тасымалдау тиімділігін арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ филиалының бастығы Сьезбек  Әлішев.

ҚХР-дан әрқайсысында 41 контейнерден болған үш құрам келген. Қазақстандық станцияда құрастырылған екі құрамда 61 және 62 контейнерден болған. 


Back to the list