23.08.2017
Қазақстандық делегация ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың бастауымен форумның ашылу салтанатына қатысты. Іс-шараның басында делегация өкілдері форумда көрсетілген заманауи әскери техникалары және жабдықтары көрмесіне барды.
Айта кетерлік жайт, бұл қазақстандық ҚӨК кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аясында қатысып отырған бірінші форум.
Ведомство хабарлағандай, Ұлттық көрме экспозициясын «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ және «Семей инжиниринг» АҚ ұсынды. Бұдан басқа, көрмеде ҚР ҚАӨМ «Казспецэкспорт» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «405 әуежөндеу зауыты» АҚ сияқты Қазақстандық кәсіпорындар, сондай-ақ басқа да бірқатар жекеменшік қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорындары көрсетілді.
Отандық ҚӨК кәсіпорындары осымен екінші жыл өкілдік форумға қатысып отыр. Қатысудың мақсаты тек қана жаңа қару-жарақ үлгілерін таныстыру ғана емес, сонымен қатар Қазақстандық экспорттық-бағдарланған жобаларды көрсету.
Экспортты мемлекеттік қолдау аясында «Армия-2017» көрмесінде қазақстандық компанияларға «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ а.ж. мамыр айында жасалған Келіссөз шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ көмек көрсетті.
Көлемі 200 шаршы метрден астам стендтерде отандық компаниялар 60-тан астам заттай үлгілер менәскери және қосарланған мақсаттағы макеттер бұйымдарын көрсетті.
Қазақстандық электронды-оптикалық өнім шығаратын «КАЕ» ЖШС зауыты кәсіби радиобайланыс құралдары, жылукөретін аспаптарға арналған инфрақызыл линзалар, «САРП» тұрақты қашықтықтан басқарылатын жауынгерлік модуль, күндізгі және түнгі нысаналы электрондық платаларды ұсынды.
«С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ құрамында нысана қондырғылары, әр түрлі өлшемдегі нысаналар, басқару блоктары бар әмбебап полигондық құрылғыны ұсынды.
«Семей инжиниринг» АҚ жаңартылған құрышты танк және конверсиялық техника макеттерін, оның ішінде Т-72, БМП және БТР-80 танктар базасындағы жөндеу-көшіру техникасын шығарып қойды.
Форум барысында ҚР ҚАӨМ басшылығы «Иркут» КАҚ басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты талқылау үшін кездесті.
Одан әрі, делегация өкілдері ресейлік «Концерн «Калашников» АҚ көрме стендін көріп қайтты, онда қатысушыларға «Бизнес пен мемлекет үшін виртуалды нақтылық технологиясы» жағдайды модельдеу тренажерының жұмысы көрсетілді.
Көрмені бірінші күнінің соңында көріп шыққан соң «КАМАЗ» КАҚ стендінде делегация мүшелеріне осы кәсіпорында өндірілген автомобиль техникасының жаңа және пғерспективалы үлгілері көрсетілді.