• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан ЕАЭО шеңберінде Қырғызстанға көмек көрсетуде 23.08.2017

Биыл 22 тамыз күні Чолпан ата қаласында «Ыстықкөл 2017» халықаралық экономикалық форумы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚР Вице-Премьері Олег Панкратовтың қатысуымен қабылданды. Құжатқа ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов пен ҚР экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов қол қойды.

2016 жылдың желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы Келісімге сәйкес Қазақстан 100 млн АҚШ долларын бөледі.

Бүгін қол қойылған техникалық тұрғыда жәрдемдесудің нақты шараларына сәйкес алғашқы транш 41 млн АҚШ долларын құрайды.

Техникалық жәрдемдесу Қырғызстанның ЕАЭО Келісіміне қосылудың жол картасы жобасын жүзеге асыруды көздейді. Ол кеден шекарасындағы инфрақұрылымды дамытып, қайта жаңғыртуға, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық жүйелерін халықаралық стандартқа сәйкестендіруге және  Қырғызстан мамандарын даярлауға бағытталған.

Қырғызстан Республикасының ветеринарлық және карантиндік жүйесін қайта жаңғыртуға Қазақстан 22 млн АҚШ доллары көлемінде техникалық көмек бөледі. 

Бұл шара Қырғызстан Республикасының экономикасын барынша қысқа мерзім ішінде ЕАЭО талаптарына бейімделуге жол ашады. 

 

 


Back to the list