21.08.2017
Ауғанстанның сыртқы істер министрі Салахуддин Раббани ЭКСПО-2017 көрмесіне Ауғанстан Ұлттық күнінің ашылуына Атқарушы билік басшысы Абдулла Абдулланың төрағалығымен келген делегация құрамында болды.
СІМ хабарлағандай, сыртқы істер ведомствосының басшылары екіжақты, халықаралық күн тәртібі мәселелерін талқылады. Атап айтсақ, әңгімелесушілер Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылық жетістіктеріне жету мәселелерін нақтылады.
Қ.Әбдірахманов ауғандық әріптесін 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігі аясындағы Қазақстанның жоспарлап отырған жұмысымен таныстырды.
С. Раббани Қазақстанға Ауғанстанға бірқатар мәселелер бойынша қолдау көрсетету үшін алғыс білдіріп, ауғандық студенттерге қазақстандық тараптан гранттардың бөліну нәтижелігін айтып өтті.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ИЫҰ Саммитін ілгерілендіру бастамасының маңыздылығы мен уақытылығын атап өткен ауған тарапы Ауғанстан Президенті Мохаммед Ашраф Ганидің шараға қатысатынын растады.