• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы мен  Хайнань өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 18.08.2017

Алматыға Қытайдың оңтүстігінде орналасқан Хайнань провинциясының делегациясы келді.

Хайнань провинциясының ынтымақтастық және халықаралық сауда бойынша комитетінің төрағасы Ли Джиче атап өткендей, қытай халқы екіжақты серіктестікті нығайтуға мүдделі.

«12 желтоқсанда біз алмаға арналған халықаралық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізетін боламыз. Онда біздің ел бай тропикалық жемістерде болады. Бұл ауқымды көрме. Павильондардың жалпы ауданы 86 мың шаршы метрге жуық. Бүгінде 400 мыңнан астам келуші тіркелген. Біз оған қатысуға «Бір белдеу-бір жол» бағыты бойынша орналасқан мемлекеттерді қатысуға шақырудамыз, оның ішінде Қазақстанда бар. Сіздердің елдеріңізді қатысушылар қатарынан көруге қуаныштымыз» - деді  Ли Джиче мырза.

Сонымен қатар, ол тақырыптық көрмеге Қазақстанның сауда және туристік операторларын қатысуға шақырды. Ли Джиче мырзаның айтуынша, 2018 жылдың 12 қаңтарында «Халықаралық сауда және туризм» көрмесі өтеді.

«Шақыртуларыңызға алғыс білдіреміз, өз кезегімізде сіздерді қазақстандық тауарөндірушілермен серіктестік орнатуға шақырамыз. Алматы Қазақстаннен тыс аумақта өте танымал. Біздің қаламызда ірі өндірістік кәсіпорындармен қатар сауда-логистикалық, қаржы ұйымдары жұмыс істейді. Алматы – аймақаралық сауда және туристік хаб, онда қызмет көрсету саласы өте жоғары деңгейде дамыған», - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайберген. 


Back to the list