17.08.2017
Аталған кездесу Қазақстан Республикасында Үндістан елшілігі жанындағы әскери атташенің дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты өтті.
Кездесу барысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты кездесуді дамытудағы керемет және жемісті миссия үшін алғыс білдірді.
Бұдан басқа, министрдің орынбасары өкіл Харш Кумар Джайн мен полковник Лахбиндер Сингх Лиддерді «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.