17.08.2017
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты талқылады. М.Мырзалин облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы айтып берді.
«Ақмола облысы елімізде өсірілетін бидайдың төрттен бір бөлігін өндіреді. Жыл сайын 2 млн тоннаға жуық бидайды алыс және жақын шетелдің 32 мемлекетіне экспорттайды. Индустриалды секторда белсенді дамып келеді. Туризм саласының даму әлеует зор, бұл өңірдің бірегей табиғи кешенімен байланысты – Шуче-Бурабай курорттық аймағымен», -деп атап өтті әкім.
Аймақ үшін маңызды жобалардың бірі Көкшетау қаласында ЖЭС салу болып табылады. Бұл жобаны жүзеге асыруға бірқатар компаниялар қызығушылық танытып отыр, оның ішінде АҚШ-тың «Khouri Group» консорциумы бар.
М. Мырзалин атап өткендей, тараптар инвестиция тарту бойынша өзара ынтымақтастық нүктесін табатын болады, ол үшін Елшілікке Ақмола облысының инвестициялық жобаларының қоржыны беріледі.
Өз кезегінде, Джордж Крол жылы шыраймен қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, өз сөзінде аймақтың ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады, Бурабайдың әсем табиғатына тамсанды.
Сонымен қатар, ол екі ел арасында нәтижелі байланысты нығайту үшін ақмолалық делегацияны тамыз айының соңына қарай ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ұлттық америкалық павильонға келуге шақырды. Себебі ЭКСПО-ға АҚШ-тың жоғары дәрежелі шенеуніктері, бизнес-қауымдастықтың өкілдері келеді екен. Бұдан басқа, Алматыда 18-19 қыркүйекте USAID АҚШ агенттігінің ұймыдастыруымен өтетін Орталық – Азиялық сауда форумына қатысуға шақырды.