09.08.2017
Екіжақты кездесудің барысында тараптар бауырлас қалалар арасында ынтымақтастық әлеуетін талқылады.
«Айта кеткен жөн, ЭКСПО-2017 көрмесі жақсы әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз халықаралық деңгейдегі шараларды, экономикалық форумдар сынды маңызды шараларды көптеп өткіземіз, тәжірибе бар, сондықтан біз осындай баға берудеміз. Бұл күш-жігерді және еңбекті қажет етеді. Бұл жерде қауіпсіздік мәселесі өте маңызды, халықтың қарасы көп жерде қауіпсіздікке баса назар аудару қажет. Осыған байланысты «ақылды» әрі қауіпсіз қала байланысы тарапынан дамудың бар екенін айтуға болады», - деді Сергей Мовчан.
Кездесу барысында вице-губернатор Сергей Мовчан қала әкімінің орынбасары Андрей Лукинмен 2017-2020 жылдарға ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды. Меморандум аясында екі қала арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламалары бекітілді.
Астана мен Санкт-Петербург арасында бұған дейін болған ынтымақтастық түрі екі өңір арасында өзара әрекетті тәжірибе негізінде толтыруға септігін тигізді. Осылайша Ресейдің мәдени астанасында Еуразиялық іскерлік ынтымақтастық «Астана» орталығы салынуда. Бұл сауда-іскерлік кешеннің пайдалануға берілуі Астана мен Санкт-Петербург кәсіпкерлеріне тікелей іскерлік байланыстарын реттеуде жаңа мүмкіндіктер береді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру, коммуналды шаруашылық, білім және денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасу өңіраларық ынтымақтастықты дамытуда тағы бір бағыт болуы мүмкін.