07.08.2017
Бірлескен оқу-сабақтары барысында апатты және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жұмыс техникасы мен машықтары пысықталуда.
Сонымен, бағдарламаға суасты тереңдігінде дәнекерлеу-кесу жұмыстары, сондай-ақ «Скуба» және «БК» арнайы барокамераларында ашық дем алу схемасын қолдану кіреді. Тәжірибе алмасу барысында қазақстандық әскери қызметшілер сүңгуіршілер оқу орталығының оқу-материалдық базасымен танысты.
«Аталған іс-шара екі елдің Әскери-теңіз күштері арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудағы конструктивті өзара іс-қимылдың жарқын мысалы екенін атап өткен абзал», - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Әзербайжан сүңгуірлерінің бірлескен дайындықтары 2017 жылғы 10 тамызға дейін жалғасады.