• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Үндістанның әскери өнер аудиториясы ашылды 07.08.2017

ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, әскери өнер аудиториясының есігін ашу құқығына Үндістан Республикасы ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал Бипин Рават және Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров ие болды.

Аудитория заманауи мультимедиялық кешенмен және бағдарламалық қамтамасыз ету өнімімен жабдықталған, жасалған жағдайлар оқу процесін жаңадан ұйымдастыруға, оны тыңдармандар мен педагогтер үшін анағұрлым қарқынды және шығармашылық етуге мүмкіндік береді.  

«Үндістанның ҚК әскери өнер аудиториясы халықаралық семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, дәрістер мен келіссөздер жүргізу үшін жақсы алаң болмақ. Аудиторияның ашылуы біздің қорғаныс ведомстволарымыз арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тағы бір қадам болып табылады», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары. 

Ведомствода бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қытай Халық Республикасының, Америка Құрама штаттарының және Түркия Республикасының да аудиториялары ашылғанын еске салды. 


Back to the list