• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан  тауар өндірушілері Ресеймен келісім шарт орната алады 07.08.2017

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы хабарлағандай, қабылданған барлық өтініштер бірнеше ресейлік ритейлердің коммерциялық  қызметіне  ынтымақтастықты келісу үшін жіберіледі.

Жобаға food және  nonfood  санатындағы  ҚР тұтыну тауарлары шақырылды. Жобаға федералды және өңірлік  желілер қатысады.

Атап айтсақ, өңірлік желілер – өз өңірлеріндегі көшбасшылар – 700 сауда нүктесі.

«Желілер  бойынша таңдалып алынған тауарлар  ресейлік сөрелерде осы жылдың қазанында сатылымға қойылады. Маркетингтік сүйемелдеуді  «KAZAKH INVEST» жүзеге асырады», - деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Жоба бірқатар кезеңнен тұрады. Біріншісі –  қазақстандық тауар өндірушілер  сауалнама мен таныстырылымдарында  ұсынған ресейлік ритейлер таңдауы.

Екінші кезең – әрбір өндіруші мен санаттық тауар желілерінің менеджерімен жеке келісілген ынтымақтастық тәртіптері.

Тауар өндірушілер кәсіпорынның қауіпсіздігі мақсатында  қауіпсіздік комитетінің  тексерісінен өтеді. Төртінші және бесінші кезең жеткізу туралы келісім болмақ.


Back to the list