03.08.2017
Кездесу барысында әуе көлігінің ғаламдық байланысының маңыздылығына ерекше мән берілді. Доктор Фан Лю ИКАО стандарттары мен саясатын тиімді енгізу ісіндегі ИКАО-ның оған мүше мемлекеттердің әлеуетін үйлестіруге және арттыруға көмек көрсетуге әзір екенін атап айтты. Елімізде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жоғары деңгейі осының дәлелі.
Сонымен қатар, ИКАО Бас хатшысының қатысуымен өткен Азаматтық авиация саласы өкілдерінің кездесуінде ИКАО қызметінің қазіргі кезеңдегі негізгі басымдықтары талқыланды. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жұмысына белсенді қатысушы екенін назарға ала отырып, доктор Фан Лю өзінің баяндамасының бір бөлігін азаматтық авиация саласындағы лаңкестікпен күрес мәселелеріне арнады (БҰҰ 2309 қарарын енгізу).
Сонымен қатар, кездесуде ұшу қауіпсіздігі мәселелері, сондай-ақ ИКАО-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты мен тәжірибесі талқыланды (жалпы ережелер, авиациялық шуыл және жергілікті жердегі ауаның сапасы, климаттың өзгеруі, нарықтық шаралардың ғаламдық жүйесі және т.б.).
Айта кетейік, ИКАО Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны (Чикаго конвенциясы) әкімшілік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету үшін 1944 жылы мемлекеттер құрған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің бірі болып табылады.