01.08.2017
Airbus Defence and Space (Airbus DS) еуропалық аэроғарыш тобы «Қазақстандық Авиациялық Индустрия»ЖШС-на (КАИ) C295 ұшақтарына қызмет көрсету үшін техникалық қолдау көрсетеді.
Сәйкесінше келісімге Испания депутаттары конгрессінің төрайымы Анна Пастордың Астанаға жұмыс сапары аясында «ҚАИ»ЖШС бас директоры міндетін атқарушы Сырымбек Садуақасов пен Airbus DS әскери ұшақтарды сату бойынша басшысы Оскар Алонсо Ромеро қол қойды. Бұл келісім «ҚАИ»ЖШС-на C295 ұшақтарына қызмет көрсету бойынша өндірістік қызметті бастауға мүмкіндік береді.
«Airbus Defence and Space компаниясы жұмыс жоспарын жасақтайды, ал оны «ҚАИ»ЖШС жүзеге асыратын болады», -деп түсіндірді министрлікте.
Сонымен қатар, Airbus DS «ҚАИ»ЖШС-на С295ұшақтарына алғашқы тексеріс жүргізу үшін техникалық қолдау көрсетіледі және осы тексеріс барысында толтырылатын қажетті құжаттар ұсынылады.